Шымкентте әйелін шашынан сүйреп, сабаған ер азамат түсірілген видео жұрттың ашуын туғызды — Қазақстан жаңалықтары

0

Шымкентте көше бойымен әйелінің шашынан сүйреп, оған қорлық көрсеткен ер азамат түсірілген видео желі қолданушыларының наразылығын тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әйел

Бұл видеоны шымкенттік заңгер Айла Жұмалиева өзінің Facebook-тегі парақшасына жүктеген. 

Сөзінше, кінәсі видеода анық көрінгенімен ер азамат әлі жазаланбаған. 

«Егер полицейлер айғақтар бола тұра қылмыстық іс қозғамаса, айтарға сөзім жоқ. Халық бекерден-бекер тәртіп сақшыларын жақтырмайды ғой. Заң бәріне бірдей емес пе? Жолда көк ала қойдай қылып сабайтын болса, ондай күйеудің не керегі бар», — деп ашынды жазба авторы. 

Бұл оқиға жайлы Шымкент қалалық ПД өкілдері пікір білдірді. 

«Аталған жағдай бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. 18 мамыр күні жәбірленуші сот сраптамасынан өтті. Қазіргі таңда келтірілген зардаптың ауырлығы анықталуда. Дәйектерді негізге ала отырып тергеу жүргізіледі», — деді полицейлер. 

 

stan.kz