Шымкентте 13 жастағы жеткіншек коронавирус жұқтырды — Қазақстан жаңалықтары

0

Шымкентте 13 жастағы жеткіншек коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Шымкентте соңғы анықталған науқастардың барлығы коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болғандар. Қазір індет жұқтырғандар станционарға орналастырылған. Тиісті сынамалар жасалған.

«Бір науқас 2006 жылы туған жасөспірім болса, екеуі 1967 және 1971 жылы туған әйелдер. Диагностикалық зерттеу қорытындысы олардан COVID-19 вирусын анықтады. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу және дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде», — делінген ресми хабарламада.

Қазір Шымкент қаласында 23 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып отыр.

 

stan.kz