Шымкенте ерлі-зайыптылардың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

0

Күдікті қамауға алынды.

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері ерлі-зайыптыларды өлтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16-ақпан күні жедел іздестіру шараларының барысында Шымкент қаласының полиция қызметкерлері екі адамның өліміне қатысы бар күдіктіні 27 жастағы шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстаған.

Қылмысты мойындау табылған айғақ заттармен дәлелденіп отыр.

Сот алды тергеу жалғасып, күдікті қамауға алынды.

Басқа мәліметтер тергеу жұмыстарына байланысты жарияланбайды.

Еске сала кетсек, 6-ақпан күні Шымкентте ерлі-зайыптыларды өз үйлерінде өлтіріп кеткені жайлы хабарланған болатын.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!



Zakon.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз