Шуды «карантинге жауып тастаған» әйел 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін — Қазақстан жаңалықтары

0

Жамбыл облысында Шу қаласын карантинге жабу туралы ғаламторда жалған ақпарат таратқан әйел үш жылдан жеті жылға дейін колонияға жабылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ватсап

34 жастағы Шу қаласының тұрғыны жалған ақпарат таратты деген күдікке ие.

«Ұсталған адам әлеуметтік желілерде жалған хабарлама жіберіп, өзінің қателігін мойындады. Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігінің төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат тарату 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Осы бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған», — деп хабарлады Жамбыл облысының ПД.

Бұрын сол аймақтың тұрғындары төтенше жағдай кезінде көкпар мен құдалықты ұйымдастырған болатын.

stan.kz