ШҚО-да үш жасар бүлдіршін өзінің әпкесін байқаусызда өртеп жіберген — Қазақстан жаңалықтары

0

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында сіріңкемен ойнап отырған балалар тірідей жанып кете жаздады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шымкентте әйел сүйіктісімен айырылысқаны үшін өзін өртеп жіберген

Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Оқиға 4 наурыз күні Құндызды ауылында орын алған. Қараусыз қалдырылған балалар ойнап отырып үйлерімен бірге өздерін өрттеп жібер жаздаға. 3 жасар бала шырпымен ойнап отырып, оның жалыны 9 жастағы әпкесінің киіміне тиіп жана бастаған.  Абырой болғанда жеткіншек қыз киіміндегі отты өзі сөндіріп, артынша  Абай ауданының өрт сөндіру қызметіне қоңырау соғып, көмек сұрапты.

«Ауылға ең жақын өрт сөндіру бекеті 70 шақырымдай жерде. Әр минуттың маңыздылығын ескерген өрт сөндірушілер ауыл әкімдігіне қоңырау шалып, аталған мекенжайға баруды сұрады. Олар лезде полиция қызметкерлерімен бірге сол үйге жеткен. 9 жасар Тоғжан қызыл жалын шарпыған күртесін шелектегі сумен сөндіріпті. Арқасын күйік шалған қыз Семей қаласындағы ауруханаға жеткізілді», — делінген ресми хабарламада. 

Өз кезегінде құтқарушылар ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды. 

stan.kz