Шетелдегі қандастарға білім грантын көбірек бөлу ұсынылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов шетелдегі қандастарға көбірек грант бөлуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің толық тізімі жарияланды

«Бізге қандастар үшін бөлінетін гранттардың санын арттыру керек. Себебі шеттегі қазақтарды отандық жоғары оқу орындарына тарта білсек, оларды елде қалдыру мүмкіндіктері де арта түседі», — деді Асылбек Қожахметов.

Ұлттық кеңес мүшесі білім және ғылым министрлігінің ЖОО-ларды автономияландыру жұмысын қолдайтынын айтты.

«ЖОО-ларға автономиялық мәртебе беру – олардың жауапкершілігін арттыра түседі. Оларға барлық құзірет берілуі керек», — деді ол.

stan.kz