Шенеунік: Әйелдер ерлермен бірге бассейнде шомылғаннан жүкті болады — Қазақстан жаңалықтары

0

Индонезиялық Ситти Хикмаватти есімді шенеунік ер адаммен бірге хауызда шомылғаннан әйелдер жүкті болып қалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бассейн

Әйел балаларды қорғау комиссиясының мүшесі екен. Сөзінше, кейбір ер азаматтардың үрық жасушаларының мықтылығы сонша — бірнеше сағат бойы суда жүзіп жүріп, ең ақыры әйелді жүкті ететін қасиетке ие көрінеді. 

Сарапшылар оның бұл мәлімдесін жоққа шығарды. Олар хауызда хлордың болуы сперматозоид жасушаларын өлтіріп жіберетіндігін алға тартты. Шенеунік әйел айтқан сөзінен кейін сынның астында қалды, кейбіреулер оған лауазымын босатуды талап еткен. Десекте Ситтидің өзі «айтқандарым менің жеке ойым, оның менің жұмысыма түк қатысы жоқ» деп ақталыпты. 

Көптеген желі қолданушылары Ситтидің мемлекеттік қызметкер дәрежесіне нұқсан келтірді деп оған қарсы наразылық шараларын бастап кетіпті. 

stan.kz