Серік Сәпиевтің рөлін кім сомдайтыны белгілі болды

0

Ақан Сатаевтың «Боксер» фильмі қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы, экс-депутат Серік Сәпиевтің өмірінен сыр шертеді

АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстандық кинорежиссер Ақан Сатаевтың кезекті туындысы «Боксер» фильмінде Серік Сәпиевті кім сомдайтыны белілі болды. Басты рөлге Смадиар Сабыров бекітіліп отыр.

Бұл жайында Sataifilm киностудиясы Insatgram парақшасында хабарлады.

«Ақан Сатаевтың «Боксер» фильмінде басты рөлді сомдайтын актердің бекітілгенін жариялаймыз. Ол – Смадиар Сабыров», – деп жазды киностудия өкілдері.

Бұл рөл Сабыров үшін дебют болмақ. Ол күрделі рөлді сәтті сомдап шығу үшін күн сайын дайындалып жатыр.

«Сомдалатын образ күрделі және жауапты, актердің қарқынды физикалық дайындығы талап етіледі. Смадиардың бокста үлкен тәжірибесі бар. Оған қарамастан, қазiр күн сайын тәжірибелі бапкермен жаттығу жасап жатыр. Сондай-ақ актерлік шеберліктің қыр-сырын меңгеруде», – деп жазды киностудия.

«Боксер» фильмі Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің өміріне негізделіп түсіріледі.

Басты рөлге жарияланған кастингке 8 мың адам қатысып, 600-і ашық кастингке шақырту алған.

Тағы оқыңыз: Бірде-бір рет жеңілмеген қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді — видео 



sputniknews.kz