Сенатор креслосымен қош айтысатын 17 депутат кімдер екені белгілі болды

0

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы қаулысы шықты.

Биылғы 15 қазанда ҚР Парламенті Сенатының 17 депутатының өкілеттік мерзімі аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы ұсынған деректерге сәйкес, депутаттық өкілеттігі аяқталатын сенаторлар мыналар: Рашит Әкімов (Ақмола облысынан), Марат Тағымов (Ақтөбе облысынан), Аңсар Мұсаханов (Алматы облысынан), Сәрсенбай Еңсегенов (Атырау облысынан), Сергей Плотников (Шығыс Қазақстан облысынан), Мұратбай Жолдасбаев (Жамбыл облысынан), Ерболат Мұқаев (Батыс Қазақстан облысынан), Сергей Ершов (Қарағанды облысынан), Серік Бектұрғанов (Қостанай облысынан), Бекмырза Еламанов (Қызылорда облысынан), Михаил Бортников (Маңғыстау облысынан), Манап Көбенов (Павлодар облысынан), Ольга Перепечина (Солтүстік Қазақстан облысынан), Әли Бектаев (Түркістан облысынан), Серік Жақсыбеков (Нұр-Сұлтан қаласынан), Төлеубек Мұқашев (Алматы қаласынан) және Айгүл Қапбаров (Шымкент қаласынан).

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы қаулысы шықты.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз