Сенат депутаттарының сайлауы өтетін күн белгілі болды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазақстанның жоғары палатасына сайлау мерзімін тағайындау жөніндегі президент жарлығы шықты

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Парламент сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

«Қазақстан республикасы парламенті сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің 2020 жылдың қазан айында аяқталатынына байланысты, сенат депутаттарының сайлауы 2020 жылғы 12 тамызға тағайындалсын», – делінген құжатта.

Сонымен қатар, президент жарлығында Қазақстан республикасының үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері сенат депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі айтылған.

Оқи отырыңыз: Сенат сайлау және саяси партиялар туралы заңдарды қабылдады

Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



sputniknews.kz