«Сен бізді қарабет қылдың, бәрін ойдан шығарғансың»: 14 жасында зорланған Қызғалдақтың ағасы қарындасын кінәлайды — Қазақстан жаңалықтары

0

Небәрі 14 жасында үш жігіттен зәбір көрді, 15 жасында амалсыз ұлды болды. Қызғалдақтың қиын тағдырына қатысты іс не себепті әлі де жабық? Қызғалдақтың ауылына барып қайтқан тілші тың деректерді жинастырды. 

 

Бұл туралы «Кел, татуласайық» бағдарамасында айтылды.

Қызғалдақтың Алмас есімді туыс ағасы өз қарындасын кінәлайды. Қызғалдық бүкіл әулетімізді масқара етті деп айыптайды. 

Айта кетейік, Қызғалдақ 14 жасында үш жігітке зорланып, бала босанғанын айтты. 

Қазір кәмілет жасқа толған. Жақында баспаналы болды. Аладай үш жігіттің заң жүзінде жазаланбағанын айтты.

Бұл іс ауыл мен ауданды шулатты. Әр жерден хабарласқан көрерменнің бірі Қызғалдақты, бірі жігіттерді жақтап жатыр. 

Қызғалдақты өз ауылында кезіктіріп қалған Алмас есімді туыс ағасы Қызғалдақтың өзін кінәлады. 

«Сен не деп өтірік айтып жүрсің? Сен әулетті қарабет қылдың? Сені айтқаныңның бәрі өтірік», — деді ол.

Бұған Қызғалдақ келіспейді. Егер намысы болса, неге сол жігіттерден уақытында қорғамады деп налыды. 

«Сол кезде неге менің қарындасыма келіп жүрсіңдер деп неге қорғамады? Неге сазайын бермеді? Енді неге масқара қылдың дейді? Жігіттер масқара қылмады ма? Жігіттер дұрыс болса, кішкентай қызды зорлай ма?», — деді ол.

Ауыл имамы Мақсат мырза студияға қонақ болып келіп, екі жақсы ымыраға шақырды. 

«Мен үш жігітпен сөйлестім. Олар кінәларын мойындады. Бірақ істің сол кезде жабылғанын айтады. Екі жақтың келісімімен жабылғанын айтады. Сол кезде-ақ кінәсін мойындап кешірім сұрағанын айтады. Сонымен қатар Қызғалдақты қорқытып емес, оның өз еркімен үйінен шыққанын айтады. Ел арасында да Қызғалдақ жігіттерді өздері шақырып алады екен. Жігіттерге өзі жабысады екен деген әңгіме тарады. Сол қаншалықты шындық?», — деді имам.

Қызғалдақ та, бағдарлама көрермені де имамды өз атына сай болуға шақырды. Өз ісіне жауап берсін. ЖАстарға үлгі көрсетсін. Уағыз айтсын деп шулады. 

«Сіз имамсыз. 14 жастағы қыз өз еркімен шыққан күннің өзінде не мақсатпен шығуы мүмкін? Осымен төсектес болып келейін деп шыға ма? Ол кезде әлі бала. Жаңа бой жетіп келе жатқан шағы. Қыз болған соң, бала болған соң жеңіл ойлаған шығар. Өзі шықты екен деп үш жігіт зорлау керек пе? Олар кәмелетке толға жігіттер? Неліктен ойланбады?», — 

 

 

 

 

 

 

 

stan.kz