Семейде той кортежімен жүріп оқ атқан

0
Семейде той кортежімен жүріп оқ атқан


Семейде үйлену тойының кортежін ұйымдастырып, қала көшелерінде атыс жасаған жастар жауапкершілікке тартылды.

Қалада қымбат көліктерден құралған той кортежі көлік кептелісіне сепбепкер қана болмай жаяу жүргіншілер жолағына шығып, жолдағы ережені өрескел бұзған. Тіпті аспанға бірнеше рет оқ атқан болатын. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбадан кейін полиция  қызметкерлері жедел іске кірісті.

Жедел іздеу барысында олардың кім екені анықталды.  7 көліктің жүргізушісі Орталық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Нәтижесінде бірнеше жол ережесін бұзу әрекетіне байланысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал «Retay Baron» тапаншасымен аспанға оқ атқан азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қала жолдарында көлік кептелісін тудырғаны үшін 30 жастағы «Мерседес»  көлігінің жүргізуші ҚР ӘҚБтК 614-бабының 1-ші тармағы  (Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру) бойынша жауапқа тартылды. Ал 30 жастағы «Лексус» жүргізушісіне көлiк құралына арнайы жарық және дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу бабы бойынша хаттама толтырылды.  Тағы бір 36 жастағы көлік иесіне көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өткені үшін  жауапқа тартылды»,-деді Семей қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінен. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз