Сатылған жоқ: «Қазақфильмге» ешкім қызықпады

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Бұған қоса, жекешелендіру тізімінен кейбір әуежайды, «Ордабасы» футбол клубы мен «Астана Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін алып тастау ұсынылуда

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. «Қазақфильм» киностудиясы, Петропавл мен Шымкенттегі әуежайы жекшелендіру тізімінен алып тасталмақ.

Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жекешелендіруге жататын республика меншігіндегі ұйымдар тізімінен келесілерді алып тастау ұсынылады:

  • Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы;
  • «Петропавл қаласының халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы;
  • «Шымкент әуежайы» акционерлік қоғамы;
  • «Әскери құрылыс» акционерлік қоғамы.

Бұған қоса, тізімнен «Ордабасы» футбол клубын, «Астана Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін алып тастау жоспарланып отыр.

Жекешелендірілмейтін нысандар қатарында «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамы, «Қазспортинвест» акционерлік қоғамы бар.

Заң жобасы 2020 жылдың 17 қаңтарына дейін ашық талқыланбақ.

«Қазақфильмді» жекешелендіру

2018 жылдың қаңтарында мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов «Қазақфильмді» жекешелендіруге қарсы шықты.

Егер киностудия жекеменшікке өтсе, ел отандық кинодан айырылады, деді ол.

Тағы оқыңыз: Қазақ киносы: 2019 жылы экранға шыққан фильмдер

Арыстанбек Мухамедиулы мәдениет және спорт министрі болған кезде киностудия шамамен 4-5 жыл бұрын жекешелендірілетін нысандар тізіміне қосылғанын, бірақ акцияларды ешкім сатып алғысы келмегенін айтты.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ – түрлі фильмдер өндірісімен айналысатын Қазақстанның басты киноалаңы.

Киностудия негізі 1934 жылы Алма-Ата кинохроника студиясы ретінде қаланды, 1936 жылы алғашқы деректі фильмдер түсірілді.



sputniknews.kz