Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубын сатып алды

0
Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубын сатып алды


Танымал қазақстандық футболшы Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубының иегері атанды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі «Ақтөбе» футбол клубын сенімгерлік басқаруға беруге қатысты ақпарат таратты. Ол 20 қарашада өткен бәссаудада жеңіске жеткен. Қазақстанның танымал футболшысы бүгінде футбол клубының бас директоры Самат Смақов клубты 7 жылға басқару құқығына ие болды. Осы мерзім өткеннен кейін ол «Ақтөбе» ФК сатып алуға мүмкіндік алады. 

Клуб 108 миллион теңгеге сенімгерлік басқаруға берілді. Бастапқы құны 100 миллион теңге болатын. Келісім бойынша Премьер-Лиганың клубтарына қойылатын регламенттерге сәйкес, клубтың барлық қажетті жарыстар мен сайыстарға қатысуын қамтамасыз ету (ҚР Чемпионаты, ҚР Кубогының ойындары,

Премьер-Лига клубтары қосалқы құрамдарының турнирі, ПФЛ Кубогы, Премьер-Лига клубтарының жасөспірімдер мен жастар командалары, бірінші Лига және мини футбол командасы арасындағы ҚР біріншілігі), сонымен қатар, УЕФА сайыстарына қатысу туралы құқығын алған жағдайда жарысқа бару міндеттеледі.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз