Самал Еслямова Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын иеленді

0

Қазақстанда белгілі өнер қайраткерлері стипендияға ие болды. Стипендия көлемі 48 мың теңге

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Актриса Самал Еслямова, балетмейстер Болат Аюханов, театр және кино актері, режиссер Юрий Померанцев, ақын әрі жазушы Олжас Сүлейменов және басқа да өнер қайраткерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды Ақорда.

Стипендияны барлығы 75 адам иеленді. Атап өтсек, стипендия көлемі 20 АЕК (48 мың теңге).

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия жыл сайын құрметті атаққа және мемлекеттік марапатқа ие болған шығармашылық өкілдеріне беріледі. Бұдан бөлек, Қазақстан мәдениетін қалыптастыру, сақтау және дамытуға қосқан үлесі үшін дарынды жастарға да берілуі мүмкін.

Мемлекеттік стипендия иегерлерін үкіметтің ұсынысымен арнайы комиссия таңдайды.

Назарбаев жастар жылы туралы жарлыққа қол қойды