Самайына оқ тиген: Бішкекте көліктен 24 жастағы қазақстандықтың мәйіті табылды

0

25 ақпанда таңертең көліктен қазақстандық жігіттің мәйіті табылды. Ол Бішкекте білім алып жатқан. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан хабарлайды.

25 ақпан күні Mazda 6 салонында 20-25 жас аралығындағы жігіттің мәйіті табылды. Қайтыс болған жігіттің самайын оқ тигені анықталды. Көліктен Iphone смартфоны, марқұмның құжаттары, 250 граммдық бөтелке, салат, темекі қорабы табылды. Жігіттің қолында Макарова тапаншасы бар еді. Тапаншаның бір оғы ұңғылықта, ал екеуі оқ салатын қорапшада жатты. Жерден бір оқ және гильза табылды.

Милиция қайтыс болған азаматтың жеке басын анықтады. Марқұм Джалал-Абад облысында туып-өскен, Бішкекте өмір сүрген 24 жастағы Қазақстанның азаматы екен. Тергеу барысында мәйіті бар көлікті таңғы сағат 09:00-де жұмысшылардың тауып алғаны белігілі болды. Көлік 1993 жылы туылған Т.Э. деген адамның атында болған. Көлікті 2017 жылы туысқандары таныстарының өтініші бойынша сол адамның атына рәсімдеген. ІІББ-ның мәліметінше, көліктің негізгі иесі қайтыс болып кеткен жігіт. Ол астаналық ЖОО-ның бірінде төртінші курста оқыған.

Құқық қорғаушылар марқұм дүниеден озбас бұрын телефон арқылы кіммен сөйлескенін тексерді. Достарының сөзінше, тапанша қайтыс болған жігітке тиесілі. Ол қаруды достарына көрсеткен екен.

“Кейбіреулері оның бойынан суицидке деген бейімділікті байқағанын айтты. Соңғы кездері бір уайымы болған”,— деді милициядағылар.

Қазақстандық жігіт өлмей тұрып шамамен сағат 23:45-те өз көлігімен супермаркетке келген. Ол жерден 0,25 литр арақ, энергетикалық сусынның банкасын, темекі мен салатты сатып алған.

Анықталғандай, оқиға орнынан табылған тапанша Джала-Абад ІІО-ға тиесілі. Қару 2005 жылы наурыз айында орын алған жаппай былықтың кезінде жоғалып кеткен.

Источник: Stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз