Салық төлемеген азаматтар банктен есепшот аша алмайды — Министр — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев салық төлеуден қашатын азаматтардың көптеген әрекеттері бақылауға алынатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпрат агенттігі.

Халықпен есептік кездесуінде министр банктердің салық төлемеген азаматтарға есепшот ашып бере алмайтынын айтты. Осылайша заң аясында сөйлеген Жамаубаев салық төлеуден қашатындарға қандай жаза қарастырылатынын түсіндірді.

«Банктер қаржылық салықтарын төлемеген азаматтарға есеп шот ашуға құқығы жоқ. Мұның барлығы заң жүйесі аясында жүзеге асуда. Оған қоса, банктер әрекетсіз салық төлеушілерге де есепшот аша алмайды», — дейді министр. 

Оның сөзінше мемлекет тарапынан шектен тыс салық салынып кеткен азаматтардың да жағдайы қарастырылатын болады. Қазіргі таңда базалық ақпараттарды ретке келтіріп жатыр дейді министр. 

«Жалдың соңында біздің көптеген азаматтар салық төлеу бойынша квитанциялар ала бастайды. Сол кезде мәселе туындайды. Бұл жұмыстарыдң барлығын алдыға қойдық. 25 млн-ға жуық ақпараттарды реттестірдік», — дейді Жамаубаев.

 

 

stan.kz