Салтанат Рақымбекова коронавирустан көз жұмды

0

Суыт хабарды Салтанат Рақымбекованың күйеуі хабарлады. Ол үш апта бойы дертпен күрескен, 55 жаста еді

Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Салтанат Рақымбекова пневмониядан көз жұмды. Бұл туралы оның күйеуі Төлеутай Рақымбеков хабарлады.

Ол үш апта бойы дертпен күрескен, 55 жаста еді.

Белгілі қоғам қайраткері «жасыл» экономикаға көшуге қатысты бастамаларды жүзеге асырумен айналысты. Ол жаңа қызметіне, 24 шілде күні ғана тағайындалды.

Ауылдағы әйелдер бизнеспен айналысуы үшін қандай қолдау көрсетілетінін, экологиялық кеңсе ғимараттарын қалай жасауға болатынын айтты.

Ол 1965 жылы туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын тәмамдады, экономика ғылымдарының докторы.

Түрлі жылдарда қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, «Жасыл экономика» және G-Global дамыту коалициясының басқармасы басшысы, Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағы төрағаларының бірі болды.

«Астана ЭКСПО-2017″ ҰК» АҚ және атқарушы директоры және EXPO & Women. халықаралық ұйымының директоры қызметтерін атқарған. «Құрмет» орденінің иегері.

sputniknews.kz