Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясы немен айналысады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазақстан президенті әкімшілігінің мәліметінше, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі алты мыңға жуық істі қарау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссияның алдына қандай міндеттер қойғанын айтты.

«Бүгін президент Тоқаев өз үндеуінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссияның құрылғанын жариялады. Жаңадан құрылған органның миссиясы –  саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай саяси және заңды түрде ақтау мақсатында жүйелі жұмыстар ұйымдастыру», – деп түсіндірді Абаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Айтуынша, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі алты мыңға жуық істі қарау қажет.

Мемлекеттік комиссия немен айналысады:

  • жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңнамаға ұсыныстар әзірлеу;
  • жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына теңестірілетін және саяси ақтауға жататын тұлғалар санатын бекіту;
  • ақталғандарды мәңгі есте қалдыру, олардың жерленген жерлерін іздеу және күтіп-ұстауды ретке келтіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • ақталғандардың құқығын қалпына келтіру мәселелері бойынша өтініштер мен шағымдарды қарау.

Қазақстанда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз