саясаттанушылар екі елдің қарым-қатынасы қалай дамитынын айтты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстан мен Ресей арасындағы едәуір қарқынды қарым-қатынастар мемлекет басшылары деңгейіндегі екіжақты байланыстар, әскери және әскери-техникалық, сондай-ақ өңіраралық және шекаралық қатынастар арқылы дамуда

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. «Евразийский Мониторинг» аналитикалық зерттеулер орталығы Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын талдауға, қазіргі үрдістер мен болашақ перспективаларға арналған аналитикалық баяндаманы ұсынды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бағалы қағаздары 2020 жылы Ресей нарығына шығарылады

Аналитикалық зерттеулер орталығының директоры Әлібек Тәжібаев атап өткендей, Қазақстанда болып жатқан саяси өзгерістерге қарамастан, 2019 жылы Нұр-Сұлтанның Мәскеумен қарым-қатынасы өзгермеді. Екі елдің президенттері – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар айрықша маңызды болды.

«Екіжақты ынтымақтастық және әр түрлі халықаралық ұйымдарға бірлесіп қатысу бойынша Қазақстан мен Ресейдің өзара іс-қимылы күшейіп келеді. Екі ел арасында әртүрлі деңгейде және әртүрлі бағытта қарқынды байланыс орнаған», – деді Тәжібаев.

Баяндамада қаңтарда жүргізілген сараптамалық сауалнаманың нәтижелері пайдаланылған, оған саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, тарихшылар мен Қазақстанның әр түрлі аймақтарындағы қоғам қайраткерлерінің арасынан 30 адам қатысты.

2019 жылы Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы қандай болды

Баяндаманың тең авторы, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев ынтымақтастықтың негізгі тұстарын атап өтті.

2019 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың даму динамикасын бағалай отырып, сауалнамаға қатысқан сарапшылардың көпшілігі ол бұрынғыдай жоғары деңгейде қалды деп санайды – 70%. Олардың әріптестерінің 19%-ы бұл процестің жақсарғанын байқаған. Респонденттердің 11%-ы қарастырылып отырған кезеңде екі елдің өзара іс-қимылының айтарлықтай жақсарғанын атап өтті.


©
Sputnik / Ксения Воронина

«Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы: қазіргі үрдістер мен даму перспективалары» аналитикалық баяндамасының тұсаукесеріне арналған баспасөз конференциясы

«Сонымен қатар, респонденттердің ешқайсысы мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың нашарлағанын байқамаған. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан мен Ресейдің арасындағы едәуір қарқынды қарым-қатынас мемлекет басшылары деңгейіндегі екіжақты байланыстар, әскери және әскери-техникалық, аймақаралық және шекаралық байланыстар арқылы дамуда». – деді саясаттанушы Чеботарев.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз