Сағынтаев: Алматыда кейбір көшелер демалыстарда жабылады — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда кейбір көшелер демалыс сайын автокөліктер үшін жабылатын болды. Бұл ақпаратты қала әкімі Бақытжан Сағынтаев растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы

«Сарапшылармен демалыс күндері автокөліктердің қозғалысы үшін кейбір көшелерді жабу мәселесін талқыладық. Бұл учаскелер жаяу жүргіншілер аймағына айналады. Қай көшелер екенін кейінірек хабарлаймыз. Дайын болыңыздар», — деп жазыпты әкім Twitter парақшасында. 

Бұл туралы ең алғаш кәсіпкер Асқар Байтасов жазыпты.

«Қалаға жүк көліктерінің кіруіне қойлатын шектеу, кейбір көшелердің көліктер үшін жабылуы мен автокөліктердің шығаратын улы газдардың қадағалайтын экологиялық бекеттердің пайда болуы — алдағы жазда орындалатын жоспарлардың жартысы ғана», — депті кәсіпкер. 

 

stan.kz