«Рымбаева сыйлаған»: Мадина Сәдуақасова 20 жыл бұрынғы көйлегін киіп шықты (фото) — новости Казахстана

0

Мадина Сәдуақасова Роза Рымбаева өзіне 20 жыл бұрын сыйға тартқан көйлегін киіп шығып, көпшілікті таңғалдырды. Әнші өнердегі әпкесі берген киімді оның құрметіне арналған бағдарлама түсіріліміне киіп барған депжазады NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Сәдуақасова 20 жыл бұрынғы көйлегін киіп барғанын өзінің Instagrаm парақшасында хабарлаған. Әнші Роза Рымбаева «Жас Қанат» байқауы кезінде сыйға тартқан киімнің өзі үшін аса ерекше екенін жеткізді.

Мадина Сәдуақасова өнердегі әпкесімен алғашқы таныстығы кезіндегі суретті әлеуметтік желіде жариялаған.

Еске сала кетейік, Роза Рымбаева мен Мадина Сәдуақасованың әндерін біздің«Музыка Нур» қосымшасынан тыңдай аласыздар.