Роза Рымбаева: Мадина Сәдуақасоваға көйлек таппай қалып, мен концерт арасында үйімнен өз көйлегімді әкелгем – Қазақстан жаңалықтары

0

Роза Рымбаева Мәдина Сәдуақасованың өнердегі ұстазы. Әлі күнге дейін тілектес, әріптес. Жас әншіге үлкен сахнаға жолдама беріп, әнші болып қалыптасуына үлкен үлес қосқан жанның бірі. Мұны Мәдина Сәдуақасова да мақұлдайды. 

Бұл туралы «Дастархан» бағдарламасында айтылды. 

Роза Қуанышқызы 19 жастағы Мәдинаны ең алғаш «Жас қанат» байқауынан көрген. Содан бері қолдаушысы. 

«Мен «Жас қанат» байқауында әділқазы мүшесі болдым. Байқауға келгендер даусын, диапазонын көрсеткісі келеді. Айқайлап айтады. Мәдина олардан бөлек еді. Айқайлап өзін көрсеткен жоқ. Диапазонын көрсеткен жоқ. Сабырлы орындап шықты. Туған жер туралы ән айтты.Маған сонысы ұнады. Себебі өзінде барды көрсетті. Өзіне тән даусы болды. Даусында ерекшелік болды. Бар қалпын солай бергені үшін риза болдым. Сосын осы қыз бізге керек дедім. Мен толықтай Мәдинаға дауыс беріп, жоғары ұпай қойдым. Әділ қазы мүшелері менімен келісті. Осылайша сахнаға шығардық», – деді Розы Қуанышқызы.

Роза Рымбаеваға Мәдинаның образы ұнамаған екен. Сондықтан өз көйлегін сыйлап, ұзын көйле беруге кеңес берген. 

«Мәдинаның маған образы ұнамады. Образы дұрыс таңдалмаған екен. Әніне, стиліне, өзіне сай емес. Алды-арты ашық, өте қысқа көйлек киіп, туған жер туралы ән атып тұр.Бұл болмайды дедім. Екінші турға дейін такси ұстай сала үйіме келдім. О лкезде көлігім де жоқ. Ұзын көйлектің бірін ала сала тез келдім. Дереу Мәдинаға кигізіп үлгердім. Ол сахнаға әнін айтып шықты», – деді Роза Рымбаева. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз