Ресейлік әнші Влад Топалов жол апатына түсті

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

9 0 0

Әртіс қалаға бара жатқан жолда апатқа түскен

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Ресейлік әнші Влад Топалов шіркеуден үйіне бара жатқан жолда апатқа түсті. Бұл туралы әртіс өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Таңертең шіркеуге барып келемін деп шештім. Таңғы сағат 05:00-те тұрып, шіркеуге бардым. Көңіл-күйім көтеріңкі болды. Қалаға барып, әуежайда әйелім мен баламды қарсы алмақ болдым. Бірақ жолдың 26-шы шақырымында апатқа түстім», – деп жазады әнші.  

Топаловтың айтуынша, ол сағатына 115 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Соғылған машинаның алдына өзге көлік шыға келіпті. Жүргізушінің Топаловтың көлігіне соғылудан басқа амалы қалмаған. 

Тағы оқыңыз: Белгілі әнші жаңа қызметке тағайындалды 

«Жүргізуші – зейнеткер. Өзі қатты сасып қалды. Тіпті, жол полициясы қызметкерлері келгенде  құжаттарды ол үшін толтыруға тура келді», – дейді әнші.

Влад Топалов 1985 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген. Сергей Лазаревпен бірге Smash дуэтінде ән айтты.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз