Ресейдің сүңгуір аппаратындағы өрттен 14 теңізші қаза болды

0

Ресейлік 14 әскери теңізші Североморск әскери базасындағы сүңгуір ғылыми-зерттеу аппаратында болған өрттен қаза тапты. Бұл туралы 2 шілде күні Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады.

«1 шілдеде Ресей аумағындағы теңізде Ресей әскери-теңіз флотының табиғи кеңістік пен мұхит түбін зерттеуге арналған ғылыми-зерттеу аппаратында биометрикалық өлшем жүргізу кезінде шыққан өрт салдарынан 14 теңізші қаза болды» деп хабарлады қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған «Интерфакс» агенттігі.

Әскерилердің айтуынша, өрт сөндірілген, қазір себептері қазір анықталып жатыр. Қорғаныс министрлігі әзірге өзге ақпарат берген жоқ.

Azattyq