Ресейде Қазақстан паспортын рәсімдеу уақыты біршама қысқарды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жоба пилоттық режимде іске қосылған. Ол қазақстандық паспортты рәсімдеу уақытын 70 күнге қысқартуға мүмкіндік береді

АЛМАТЫ, 15 қаңтар — Sputnik. Ресейде Қазақстан паспортын рәсімдеу мерзімі 80 күннен 10 күнге дейін қысқарды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі хабарлады.

Елшілік бұл жобаны Қазақстан ішкі істер министрлігі көші-қон қызметі комитетімен бірлесіп, пилоттық режимде әзірлеген. Ол Мәскеудегі елшіліктің консулдық бөлімінде Қазақстан паспортын рәсімдеу уақытын 80 күннен 10 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұл үшін рәсімдеу бойынша негіздемелер керек. Мысалы, тұрғылықты тұруға кетуге рұқсат, күндізгі оқу, еңбек келісімшарты.

Қызмет бағасы – 2 265 ресейлік рубль. Бұл шамамен 14 мың теңге немесе 37 доллар.

Құжаттарды тапсырғаннан кейін паспорттың дайындық барысын елшілік әзірлеген Telegram-бот арқылы қадағалап отыруға болады.

Толығырақ мәліметті және қажетті құжаттар тізімін елшілік сайтынан білуге мүмкіндік бар.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз