Ресейде қалып қойған қазақстандық мектеп оқушыларының ата-аналары биліктен көмек сұрады – Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық екі оқушы Санкт-Петербургтен үйіне орала алмай қалды. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары биліктен көмек сұрап, жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

оқушы

Алматылық Ольга Христичтің қызы Питерде мамандандырылған академияда оқиды. Әжесі карантинге байланысты немересіне бара алмаған. Қыз қарт туысымен бірге жалдамалы пәтерде қалған.

«Біз ол жаққа барып,  90/180 ережесі бойынша сонда тұрдық. Яғни, біз баламен үш ай сонда тұра аламыз, содан кейін үш айға кетеміз. Сөйтіп, мен ақпан айының соңында қайтып келдім. Анам оған 18 наурызда ұшып кетуі керек еді, ал шекаралар 16 наурызда жабылды.  Яғни, үлкендердің ешқайсысы балаға ұшып бара алмады», – деді Христич.

Ол қызын отанына қайтаруға билік көмектеседі деп үміттенеді. Ең оңтайлы нұсқа – арнайы рейсті ұйымдастыру, деп санайды әйел.

Алматы облысының тұрғыны Екатерина Савчишкина да осындай жағдайға тап болды. Оның 11 жасар ұлы Санкт-Петербургте қалды. Қазір бала мектеп жанындағы интернатта тұрады.

«Мен 18 наурызда Санкт-Петербургке ұшып, баламды алып, Қазақстанға кері алып келуге тиіс болдым, бірақ 16 наурызда шектеу шараларын енгізді. Қазір ұшып барып, онымен бірге қалуға немесе оны қайтарып әкелуге мүмкіндігім жоқ. Мен қазақстандық билік кері рейс ұйымдастырады деп үміттенемін», – деді Савчишкина.

Мәселені шешуге бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қосылды. Ол сыртқы істер министрлігімен байланыс жасап, жағдайдан шығудың жолын іздейтінін айтты.

Бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшілігі дипломатиялық өкілдіктің азаматтардың Отанына оралу үшін теміржол және автобус рейстерін құру туралы келіссөздер жүргізетінін хабарлады.
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз