Ресейде оқушылар сәби жатқан арбаға петарда лақтырған – Жаһан

0

Ресейдің Тверь қаласында мектеп оқушылары 10 айлық сәби жатқан арбаға петарда лақтырған. Ресей тергеу комитетінің өңірлік басқармасы жергілікті БАҚ-та тараған хабарламаны тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

«БАҚ мәліметінше, 27 желтоқсанда Тверь қаласындағы Маршал Конев көшесінде орналасқан үйдің кіреберісінде мектеп оқушылары он айлық сәби жатқан арбаға петарда лақтырған», – делінген хабарламада.

Сәбидің анасы петарданы арбадан сілкіп, қыз баланы қолына алып үлгерген, бала оқиға салдарынан зардап шеккен жоқ.

«БАҚ-та айтылған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеуалды тексеріс жұмыстары ұйымдастырылды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деді комитеттегілер.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз