Ресейде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталып келеді – Путин

0

Путин жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан, өңірдегі жағдайды мұқият қадағалап, өзгерістерге дереу жауап қату керектігін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Ресейде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанып, жақсарып келеді, деп мәлімдеді президент Владимир Путин.

«Соңғы айларда біз коронавирус індетімен күресуге көп көңіл бөлдік. Қазір елдегі жағдай жақсарып, тұрақтанып келеді», – деді Ресей басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда алған коронавирус анықтамасы ЕАЭО елдерінде жарамсыз – бас санитар дәрігер

Сонымен бірге, Путиннің пікірінше, әр аймақтағы жағдайды үнемі және мұқият бақылап отыру керек, өзгеріп жатқан жағдайға тез арада жауап беру қажет. Бұл туралы елдің Қауіпсіздік кеңесі хабарлады.

Ол Ресей қарулы күштері мен қорғаныс министрлігінің мүмкіндіктері коронавирус инфекциясымен күресуге – шетелде де, елде де бірнеше рет қолданылғанын атап өтті.

«Жақында қорғаныс министрлігі Ресей Федерациясының әр түрлі аймағында қысқа мерзімде және сапалы 16 аурухана салғанына барлығы куә болды, олар Дағыстанда және кейбір басқа аймақтарда жылдам әрекет етіп жатыр», – дейді Владимир Путин.

Ресей басшысы Забайкалье өлкесінде науқастар санының артқанына назар аударды.

«Ондағы динамика әлі де күрделі. Осыны ескере отырып, аймаққа мүмкіндігінше тезірек көмектесуіміз керек, ең алдымен, әрине, әңгіме денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндіктері туралы болып отыр», – деп атап өтті ол.

Ресейдегі коронавирус  

4 маусым, бейсенбі күнгі статистикаға сәйкес, Ресейде коронавирус инфекциясын жаңадан жұқтырған 8 831 адам тіркелді. Елде науқастардың жалпы саны 441 108 адамға жетті. Сонымен бірге 206 623 науқас сауығып, 5284 адам қайтыс болды.

Забайкалье өлкесінде COVID-инфекциясын 1321 адам жұқтырған, олардың 64-і соңғы тәулікте тіркелді, 24 адам қайтыс болды.  



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз