Ресейде ер адам қызғаныштан отбасын қырып тастады — Жаһан

0

Ресейде ер адам қызғаныштан әйелі мен екі қызын атып өлтірген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитетіндегілер мәлімдеген.

Басылымның мәліметінше, тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен 48 жастағы әйелдің, 15 және 11 жастағы қыздардың денесі табылған. Олардың барлығы оқ жарақатынан қаза тапқан. 

Тергеу мәліметінше, ер адам отбасы мүшелерін барлығын атып өлтірген соң, өз-өзіне қол жұмсаған. Тек 17 жастағы жасөспірім аман қалған. Ол оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мұны қызғаныштан жасаған.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz