Ресейде бір топ журналисті трактор қағып кетті

0

Ростов облысында «Бизон-Трек-Шоу» тракторлар жарысы трагедиямен аяқтала жаздады

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Ростов облысында «Бизон-Трек-Шоу» жарысы кезінде бір топ журналисті трактор қағып кетті.

Оқиғаның видеосы желіде жарияланды. Онда бар жылдамдықпен келе жатқан трактор трассадан шығып кетіп, бір топ операторды соққаны көрінеді. Ал олар жан-жаққа қашқан.

«Российская газета» басылымының мәліметінше, үшінші нөмірдегі трактор жүргізушісі рөлге ие бола алмаған. Оқыс оқиға салдарынан операторлардың камерасы мен керек-жарақтары ғана бүлінді.


©
Sputnik / Сергей Пивоваров

«Бизон-Трек-Шоу» тракторлар жарысы

«Олар көзтартарлық кадр жасаймын деп, дүниенің бәрін ұмытып, дөңгелектің астына түсе жаздайды. Абырой болғанда соққыны сонда жатқан бір мая пішен жеңілдетті», — дейді байқауды ұйымдастырушы Сергей Суховенко.



sputniknews.kz