Ресей Жоғарғы соты 19 әйел өлтіріп, өмір бойына сотталған азаматқа шыққан үкімді өзгертпеді

0

Ресей Жоғарғы соты 19 әйелді өлтірген бұрынғы милиционер Евгений Чуплинскийдің апелляциялық шағымын қанағаттандырмай, оны өмір бойына түрмеге кескен сот үкімін күшінде қалдырды. Сотталған азаматтың шағымы бойынша істі алқабилер соты қараған. 12 алқаби Чуплинскийді түгел кінәлі деп тауып, оның рақымшылыққа лайық емесін айтты.

Бұрынғы милиционерге кесілген үкім күшіне енді.

Былтыр тергеу Чуплинскийдің 19 әйелді айуандықпен өлтіріп, денелерін бөлшектеп тастағанын анықтаған. Ол бұл қылмыстарды 1998-2005 жылдар аралығында Новосибирск қалалық ішкі істер департаментінде жұмыс істеп жүргенде жасаған. Тергеу мәліметі бойынша, ол жезөкшелерді зорлап, одан соң оларды өлтіріп отырған.

Қолға түскен уақытта ол жасаған қылмыстарын мойындап, тергеумен келісімге отырған. Қылмыс болған орындарға барып, әйелдерді қалай өлтіргенін баяндап берген. Чуплинский психиатриялық сараптамадан өткен. Дәрігерлер оның дені сау екенін анықтаған.

Бірақ 2017 жылы сәуірде ол кінәлі еместігін айтып, берген мәлімдемелерінен бас тартқан. Сотталушының әйелі мен балалары бұл қаладан көшіп кетуге мәжбүр болған.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз