Қызылордада Toyota Camry аялдамада тұрған адамдарды соқты: үшеуі қаза болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Жол апатынан зардап шеккен екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша — Sputnik. Қызылордада Toyota Camry көлігінің жүргізушісі автобус аялдамасында тұрған адамдарды соқты, салдарынан оқиға орнында үш тұрғын көз жұмды, деп хабарлады Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты бейсенбі, 21 қарашада болды. Сағат 09:15 шамасында Назарбаев даңғылында Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Mercedes-Benz көлігін соғып, автобус аялдамасында тұрған адамдарды қағады.

Жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды, екеуі ауруханаға жеткізілді.

Тағы оқыңыз: Алматыда мас күйінде көлік жүргізген қыз адам басып өлтірді

Кінәлі жүргізуші бірден анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған. Тиісті сараптамалар белгіленді.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлімі (Жол қозғалысы және көлікті пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейнігі тергеу жүргізіліп жатыр.

Егер жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, ол 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін және 7 жылға дейін белгілі лауазымдарды иелену немесе қызметпен айналысу құқығынан айырылады.



sputniknews.kz