Қызылордада соңғы тіркелген науқастардың ауруды қайдан жұқтырды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қызылордада соңғы тіркелген 6 науқастың коронавирусты қайдан жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

больница

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

Жалпы Қызылорда облысында 24 адам індетті жұқтырыпты. 

«Соңғы есеп бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар 24 адамды құрайды. Бүгінгі тіркелген науқастардың екеуі – Қармақшыдан шықса, екеуі Жаңақорғанда, біреуі – Шиелі ауданында анықталды. Сондай-ақ, бір адам облыс орталығынан тіркелді. Қармақшыдағы бір науқас Алматы қаласынан келгені белгілі болып отыр. Екінші науқастың қайдан жұқтырғаны зерттелуде. Ал Жаңақорған ауданындағы екі адам да инфекцияны бұрын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болғандар. Шиелі ауданындағы науқастың да жағдайы соған ұқсас, бұрын ауырған науқаспен тығыз байланыста болған. Ал, Қызылорда қаласында анықталған адам облыста ең бірінші анықталған науқаспен қарым-қатынаста, тығыз байланыста болған», – деді Абдусаметов.

Сондай-ақ басқарма басшысы соңғы тіркелгендердің бұрын коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандар екендігін атап кетті. Сол себепті аймақ тұрғындарына сақтық шараларын ескеруді ұмытпауға шақырды. 

 

 

stan.kz