Қызылорда облысында қызды ұрып, видеоға түсіргендер анықталды

0

Полиция қызметкерлері қызды ұрып-соғып, видеоға түсіргендерді анықтады.

Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті хабарлайды.

Оқиға 17 сәуірде Тасбөгет кентінде орын алған. Жәбірленушінің ата-анасы полицияға арызданбады.

«Әлеуметтік желілерде таратылған бұзақылық фактісі бойынша тексеру барысында полиция қызметкерлері өз замандастарын ұрып-соғып, бейнеге түсіргендерді анықтады. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабы (бұзақылық) бойынша алдын ала тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», – делінген хабарладмада.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз