Қыз кейпіндегі әнші-әртіс жігіттер елді «естен тандырды» (фото)

0

Әлеуметтік желіде қыз кейпіндегі отандық шоу-бизнес серілерінің суреттері тарап, халық арасында қызу талқыға түсті. Талай арудың арманына айналған өнерлі азаматтар фотошоп көмегімен бір мезетте сұлу сылқымдарға айналып шыға келген.

Фото: Instagram/qaz.stars

Желі қолданушылары сүйікті әртістерінің қыз кейпіндегі түрі қандай болатынын білу үшін олардың суреттерін арнайы фотошоп қосымшаға салған. Нәтижесінде сері жігіттердің барлығы нәзік жанды аруларға айналып кеткен.

Олардың қатарында Нұрболхан Шарапов, Тұрсынбек Қабатов, Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа, Төреғали Төреәлі, Айқын Төлепберген, Тәуекел Мүсілім, Санжар Мадиев, Димаш Құдайберген, Димаш Әділет, Асылхан Төлепов, Қуандық Рахым, Мұхит Сапарбаев, Нұрболат Абдуллин, Нұрлан Қоянбаев және Елдос Қадірханов бар.

Фото: Instagram/qaz.stars

Фото: Instagram/qaz.stars

Желідегілерге жоғарыда аталған өнерлі азаматтардың ішінен Әбдіжаппар Әлқожа мен Санжар Мадиевтың қыз кейпіндегі түрі аса тартымды болып көрінген. Олар шоу-бизнес серілерінің ерекше образдарын қызу талқылап, өзіне қайссы көбірек ұнағанымен бөлісуде.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрболат Абдуллин тоқал алу мәселесіне қатысты ойын айтқан болатын. Өнер иесі көп әйел алуға қарсы болып шықты. Ол бақытты өмір сүру үшін бір жан да жеткілікті екенін түсіндірді.

Дереккөз: nur.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз