Қытайда коронавирустан қаза болған адамдар саны 170-ке жетті

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

13 0 0

Осыдан бір күн бұрын ғана 5 974 науқас пен 132 қаза тапқан азамат туралы ресми түрде хабарланған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 170 адамға, ал ауру жұқтырғандар саны 7 711 адамға жетті, деп хабарлады Қытай Халық Республикасының денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті.

Тибетте де алғашқы науқас тіркелді. Тибет коронавирустың жаңа түрінен пайда болған пневмония індеті анықталмаған елдің соңғы өңірі еді, деп ақпарат таратты РИА Новости.

Осыдан бір күн бұрын ғана 5 974 науқас пен 132 қаза тапқан азамат туралы ресми түрде хабарланған болатын.

Билік бір тәулікте 1 737 жаңадан коронавирус жұқтыру оқиғасы туралы мәлімет алды.

Тағы оқыңыз: Коронавирустың белгілері мен сақтану жолдары

Бұған қоса, 38 қаза болу фактісін тіркеді (37 — Хубэй провинциясында, біреуі — Сычуаньда). Бір тәулікте ауруханалардан 124 адам шығарылды.

Қытайдағы коронавирус

Желтоқсан айының соңында Қытайдың Ухань қаласында белгісіз пневмония туралы ақпарат жарияланды. Кейін билік аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі – 2019-nCoV екенін анықтады.

Ол адамнан адамға жұғады. Вирус Ухань қаласынан Қытайдың басқа өңірлеріне, кейін өзге елдерге де жылдам тарап кетті. 

Әзірге коронавирустан вакцина жоқ. Ауру белгілері: жоғары температура, жөтел, тыныс алудың қиындауы. 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз