Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап өсуде

0

Қытайда бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырудың жаңа расталған оқиғалар саны екінші күн қатарынан 100-ден асты.

Қытайдың денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеті таратқан мәліметке қарағанда, елде соңғы тәулікте (29 шілдедегі жағдай бойынша) коронавирус жұқтырудың 102 расталған оқиғасы тіркелген, соның ішінде 96-сы – Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (ШҰАА), бесеуі Ляонин провинциясында және біреуі – Бейжің қаласында тіркелген.

«Шыңжаңда COVID-19 жұқтырудың 414 расталған оқиғасы тіркелді, соның ішінде 412 оқиға — Үрімжіде, сондай-ақ, ауру белгілерінсіз жүрген 143 адам (140 адам Үрімжіде) анықталды. 12 мыңнан астам адам дәрігерлер қарауында», — делінген ҚХР денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің ақпараттық бюллетенінде.

Қытайда коронавирус жұқтырудың 84 165 расталған оқиғасы анықталған. Ауруханадан 78 957 адам емделіп шығарылды.

Вирустан 4634 адам қайтыс болды. Қазіргі кезде 547 науқас стационарлық ем қабылдауда (соның ішінде 33 адам ауыр халде жатыр). Еске сала кетейік, кеше Шыңжаңда коронавирусқа шалдыққандардың рекордтық саны тіркелді.

inform.kz