Қытайда эпидемия басталмай тұрып коронавирустан сақтандыруға тырысқан дәрігер көз жұмды

0

Қытайдың Ухань қаласында коронавирустан дәрігер Ли Вэньлян көз жұмды. Офтальмолог эпидемия басталмай тұрып, жаңа коронавирус туралы ескертуге тырысқан, бірақ «жалған ақпарат таратқаны үшін» полициядан сөгіс алған. Кейінірек дәрігердің өзіне де вирус жұққан.

Бұған дейін қытайлық БАҚ Ли Вэньляннің халі ауыр деп хабарлаған.

30 желтоқсанда Вэньлян әріптестеріне вирус жұқтырған науқастар туралы хабарлап, әуел баста пневмонияның қалыпты емес түрі тарай бастады деген. Кейінірек вирустың түрі анықталмады деді.

3 қаңтарда дәрігерді полицияға шақырып, «интернетте сыбыс таратып», «қоғам тәртібін бұзғаны үшін» сөгіс берілген.

Бұдан соң Ли ауруханадағы жұмысын жалғастыра берген. Оның қабылдауында коронавирус жұқтырған науқастар да болған. Кейінірек Вэньляннің вирусты жұқтырғаны анықталды.

Жаңа коронавирус мыңнан астам адамнан табылғаннан кейін Қытайдың жоғарғы соты полиция әрекетін сынап, вирус жайлы ақпаратты жасыруға болмайтынына көзі жеткен.

Уханьда пневмонияның жаппай тарай бастағаны туралы ақпарат өткен жылы желтоқсан айында пайда болған. Қытай билігі бірнеше апта бойы белгісіз вируспен күресуге белсене кіріскен жоқ. Олар аурудың тарап жатқаны туралы ақпаратты да жасырған.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз