Қытай азаматтарының Қазақстандағы заңсыз әрекеті әшкере болды

0

Қытайдың екі азаматы заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны үшін ұсталды. Прокуратура оларға қатысты сот үкімі шыққанын хабарлады

ҚЫЗЫЛОРДА, 18 қараша — Sputnik. Қызылорда облысының прокуратурасы Қытайдың 120 азаматы өңірден шығарылғанын хабарлады.

«Қытайдың 120 азаматының жалған диплом бойынша қызмет атқарғаны анықталды. Прокурорлық тексеріс нәтижесінде олар елден шығарылды», – деп хабарлады қадағалаушы орган.

Сондай-ақ, прокуратура заңсыз көші-қон ұйымдастырған Қытайдың екі азаматы туралы айтты.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласы бойынша департаменті жедел іздестіру шарасын өткізді. Оның қорытындысы бойынша заңсыз көші-қон ұйымдастырған Қытайдың екі азаматы ұсталды», – деп жазылған хабарламада.

Тағы оқыңыз: «Кімді жаулап жатыр?»: Назарбаев Қытай басшылығымен қандай келісім жасағанын түсіндірді

Сот үкіміне сәйкес, олар бас бостандығынан айырылды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз