Қырсық әйел бұзылған эскалаторға мінемін деп аяғынан айырылды – видео  

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Оқиға Қытайдың Хэйлунцзян провинциясындағы Харбин қаласында болған

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қытайдың Харбин қаласында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды, деп хабарлайды Miaopai порталы.

Куәгерлер болған оқиғаны видеоға түсіріп алған.

Оқыс оқиға сенбі, 20 шілде күні шаһардағы сауда орталықтарының бірінде болған. Видеодағы кадрдан қытайлық әйелдің эскалатордың тұтқасынан ұстап тұрғанын, ал құтқарушылар эскалаторды бөлшектеп, әйелдің аяғын шығарғалы жатқанын көруге болады.

Істен шыққан экскалатор әйелдің сол аяғын кесіп, оң аяғына зақым келтірген.

Қытайлық әйел ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл түрде операция жасалды, деп хабарлайды AsiaOne.  

Зардап шеккен тұрғынның туысқандары эскалатор жұмыс істеп тұрғанын, алайда кенеттен істен шыққанын айтады.

«Ол ешқайда бара алмай қалды», — дейді аяғынан айырылған әйелдің туыстарының бірі.

Оқиға орнында болған бірнеше куәгер эскалатордың істен шыққанын, оған мінуге шектеу қойылғанын атап өтті.

«Ол қоршауды жылжытып тастады. Алайда эскалатор әлі тексеріліп жатқан, оны жақында ғана жөндеген еді», — дейді дүкендердің бірінің иесі.

«Әйелді ешкім тоқтата алған жоқ», — дейді тағы бір куәгер.

Полиция оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр.



sputniknews.kz