Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі 18 жылға сотталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Бішкектің Первомайский аудандық сотында Бішкектегі Тарихи музей мен Шолпан-Ата қаласындағы ипподромды қайта құруға қатысты кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Кабарға сілтеме жасап хабарлайды.

Сот Қырғыз Республикасының бұрынғы премьер-министр Сапар Исақовты ҚК-нің 319-бабының 2-бөлігі бойынша айыпты деп танып, оны 18 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар ол 247 млн 650 мың сом көлеміндегі шығынды өтеуі керек.

Қылмыстық істің екінші мүшесі президент аппаратының азаматтық даму, діни және этникалық саясат бөлімінің бұрынғы меңгерушісі Мира Карыбаева ҚР ҚК 320-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған 260 мың сом көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Свердловский аудандық соты бұрынғы премьер-министр, сол кезде ҚР Президенті аппаратының сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі болған Сапар Исаковты 15 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейді. Ол дипломатиялық дәрежесінен және мемлекеттік марапаттарынан айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі 2018 жылы маусым айында қамауға алынған еді.
 

stan.kz