Қырғызстаннан келген: Коронавирус жұқтырған Жамбыл облысы тұрғынының жағдайы белгілі болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Жамбыл облысында коронавирусқа қатысты соңғы тіркелген оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп деп Stan.kz ақпарат агенттігі Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеп хабарлайды.

26 наурызда Жамбыл облысында Қордай ауданының 1974 жылғы тұрғынынан коронавирус инфекциясы табылды. Ол бір күн бұрын отбасымен бірге Қырғызстаннан келген.

Белгіленген алгоритмге сәйкес үйлестірілген іс-қимыл нәтижесінде бес мүшесі бар аталмыш отбасы шекарадан өте салысымен карантиндік стационарға оқшауланды.

Зертханалық талдаулар бір адамда вирус бар екенін көрсетті, отбасының басқа мүшелерінде теріс нәтиже көрсетті.

Науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды, қалғандары карантин стационарында медициналық бақылауда қала береді. Олармен байланыста болған адамдар анықталды, қазір қажетті эпидемияға қарсы шаралар жасалып жатыр.

Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 120 адамға жетті.

stan.kz