Қырғызстан 1 күнде 800 аппарат алады: Айтыскер Айнұр Тұрсынбаева халыққа 20 КВИ аппаратын алып берді

0

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өз ақшасына Түркиядан 20 КВИ аппаратын сатып алып, беріп жіберді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Түркиядан «Айдың нұры қоры» арқылы 2 миллионға дәрі-дәрмек әкелетін боолып шешкенімізді айтқан болатынбыз. 5 мыңға жуық пікірді оқып жағдай біз ойлағаннан да жаман екенін түсіндік… Өкінішті, дым жоқ екен бізде…Сонымен мұсылман бауырлар қосылып, қордың ақшасынан алып, өзім қосып,  ақшаны 6 миллионға көбейттік. Бұл ақшаға 20 тыныс алу аппаратын сатып алып жатырмыз. Артылған ақшаның бәріне парацетомол, аспирин, маска алынатын болды. Барлығы шалғайдағы өлім-жітім көп болып жатқан аудандарға жеткізіледі,- дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Ол осы ретте елдегі бизнесмен қайырымды іс атқаруға шақырды.

Менің үлкен завод,фабрикам жоқ.. Қырғын бизнесмен емеспін. Менің бір өзім осынша аппарат жіберіп жатқанда қалталы азаматтар бұдан да көп көмек көрсете алады ғой. Бізде Түркияны түбімен сатып ала алатын байлар көп емес пе?! Қырғызстан 1 күнде 800 аппарат сатып алып кетіпті. Өзбекстан күніне бәлен жүз сатып алып жатыр екен. Қазақстаннан аппарат сатып алып жатқан мен бірінші адам екенмін. Мұның бәрін өткізудің өзі бір ақырет, әрі қып-қызыл ақша! Тіпті ақшаң болса да аппарат алып өте алмайсың. Осы машақатты мойындарына алып, барлық шекараның шығынын өтеп азаматтық танытқан Стамбұлдағы бас консулдықтағы азаматтарға, Әлім ағамыз бен Еркеғали бауырымызға Алла сауаптан жазсын! Еліміздің сыртқы істер министрлігі де жанашырлық танытып үлкен көмектерін көрсетті, – дейді айтыскер ақын.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз