«Құтқаруға болатын еді»: Қатерлі ісіктен шетінеп кеткен сәбидің ата-анасы қазақстандықтарға үндеу жариялады — Қазақстан жаңалықтары

0

Теміртауда рак дертінен көз жұмған ата-ана қазақстандықтарға үндеу жариялады. Олар ұқсас жағдайға душар болған ата-аналарға бір минуттарын да жоғалтпай әрекет етуге шақырды. Қыздарынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан ерлі-зайыпты Ескендір мен Диананың айтуларынша, егер кімге бару керек екендігін білгенімізде баламыздың өмірін сақтап қалуға болатын еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Бір жасқа толып үлгермеген Данеляның денесі туған күніне бірнеше күн қалғанда жер қойнына тапсырылды. Ата-анасы баласының өмірі үшін 7 ай бойы өліммен арпаласыпты. Кіші жамбас сүйегі рентгенге түсірілгенне кейін сәбиге нейробластома диагнозы қойлыпты. Қыз баланың денсаулығы бес рет химиялық терапиядан өткен соң жақсарып келіпті. Қарағандылық онколог мамандар балаға ота жасатуға елордаға нұсқаулық берген көрінеді, алайда мемлекет ата-анаға квота беруден бас тартыпты. 

«Басында ауыз қуысында зеңнің бір түрі табылып ауруханаға түскен болатынбыз. Бірнеше аптадан кейін стоматит симптомдары байқалды, дегенмен бізге квота тағайындалмады», — деді марқұмның анасы Диана Байкенова. 

«Мен дәрігерлермен барып сөйлескен едім. Олардан қандай шетелдік мамандарды танисыздар деп ақыл-кеңес сұрадым. Алайда бізге ешқайда бармай-ақ ауыр отаны өзімізде жасатуға болады деп айтты», — деді қыздың әкесі Ескендір Байкенов. 

Зеңнің бетін қайтарып жатқанда, сәби үйде ем қажетті ем қабылдамай қалыпты. Қыздары тірі болған кезде оның ата-анасы әлеуметтік желі арқылы көмек сұрап, қажетті сома жиналған жағдайда Мәскеуге барып ем қабылдатпақшы болған. Бірінші күні-ақ 2 жарым миллион теңге жиналыпты. Алайда олардың ойлары орындалмай, артынша қатерлі ісік асқынып, бала көз жұмады. Кейіннен қыздың ата-анасы жиналған ақшаны басқа ауыр дертпен күресіп жатқан қыздарға табысталатындығын жариялапты. Сол күні Мәскеуден дәрігер келекші болыпты, бірақ ол кезде тым кеш еді. 

«Негізінен қызымыздан өзіміздің білімсіздігіміздің кесірінен айырылып қалдық. Біз бұл дерт жайлы бұрын естімеген едік. Сөйтсек оны жеңіп жатқан адамдар да бар екен. Алдағы уақытта осы қайғыға тап болған ата-аналарға көп іздеңіздер, ешкімге сенбеңіздер деп айтқымыз келеді. Себебі кез келген дәрігердің аттап өтпейтін сызығы болады. Ал біз ол жайлы білмептік», — деп қосты Ескендір.

Медицина қызметкерлері бұл жайт жайлы пікір білдіруден бас тартты. Басында олар қажетті құжаттарды сұрап, артынша басшылықтың қолы бос емес екендігін айтып жалтарды.

Ал Данеляның ата-анасы басқаларға әрбір есікті барып тоқылдатсаңыз да, құры қол уақыт жоғалтпаңыздар деп кеңес берді. 

Бұған дейін Теміртауда халық болып еміне ақша жинаған сәби шетінеп кеткені айтылған еді. 

stan.kz