"Жеті күнде тұрмысқа шығарамын": Кәрі қыздарға күйеу тауып беріп жүрген коуч-тренерлердің жұмысы алаяқтық па

0

Жеті күнде күйеуге шығарамын! Бұл кәрі қыздардың өз отбасын тауып, ақ орамал тағуына кепілдік беремін деген коуч-тренердің жарнамасы. Оң босағада отырып қалған қаракөздеріміздің отанасы атануына сабақ беріп, септік ету мүмкін бе? Танымал мотиваторлардың алдынан өтіп, бүтін бір әулетке келін атанғандар бар ма?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жігіттерге үй шаруасына мығым, нан жайып, тамақ пісіре алатын бұрымдылар ұнайтыны рас. Бірақ дәл осындай қолынан іс келетін болса да өзінің бақытын таба алмай, күйеуге тие алмай жүрген қыздарымыз көп. Ендеше, не істеуге болады? Психологтeрдің сөзінше, тұрмысқа шығу үшін бұл жеткіліксіз. Ол үшін арнайы техникалар жасап,  аффирмациялар айту керек.

Иә, әлеуметтік желіні ашсаңыз «бақытқа жеткізем» деген сарындағы жарнамадан көз сүрінеді. Жеті күнде күйеуге тиюдің жолдары, күйеуге шығуға арналған сегіз қадам, ғажайып техникалар. Осылай деп кете береді. Расында, мұндай семинарлардың пайдасы бар ма? Бұл тек ауызша аффирмация айтқызып, визуализация жасатып, оң жақта отырып қалған аруларды сендіру ме?

«Бұл жерде мен енді, көбінесе «жақсы сөз жарым ырыс» деп, аффирмацияларды айтқызамын. Мысалы, «мен сүйіктімін, сүйкімді келіншек, сүйікті әйелмін» деген, «бақытты отбасының жақұтты жарымын» деген. Табиғатқа шығып немесе мен оны кішкене күлкілі қылып айтамын.  «Симорон» деген күлкінішті техникалар бар. Далаға шыққан кезде мен дайынмын деп. Мен өмірге дайынмын, отбасылық өмірге дайынмын деп өзіңнің миыңа күнделікті бір нәрсені айта берсең ол 21 күнде адамда сақталып қалады», — деді коуч-тренер Құралай Ошақбаева.

Иә, белгілі коуч-тренер Құралай ханымның бұл тақырыпта айтары жетерлік. Айтып та жүр. Керек десеңіз, сегіз күндік сабағын да табасыз. Таңертең тұрғызып, аффирмациялар айтқызып, техникалар жасатады. Коучтың айтуынша, бұл тапсырмалар психологияда жазылған. Тек қазақша салт-дәстүрімізбен, отбасылық құндылықтарымызбег сабақтастырып үйретіп жүрген көрінеді. Нәтиже де бар екен. Өз бақытын тауып, рахметін жаудырған  арулар аз емес дейді.

«Табиғатқа шығып, ең бірінші айғайлап айтыңыз, бар даусыңызбен айтыңыз:  «Күйеуге шыққым келеді» деп. Бүкіл эмоциямен сезіммен айтыңыз».

«Салеметсіз бе. Мен стакандагы су техникасын үш ай бойы тоқтамай жасап тұрмыска шықтым. Сізге кқп рахмет. Мен аффирмация айттым, күйеуге тию туралы тренингтерге қатысып визуализация жасадым. Соның арқасында тұрмысқа шықтым. Бізге жол көрсеткеніңізге рахмет. Афирмация айтып күйеуге шықтым».

Иә, бәлкім бұл қыздарға: «мен күйеуге шықтым», мен сүйіктімін», «сүйкімді келіншек, сүйікті әйелмін» деген қайталаулар әсер еткен де болар. Әлде уақыты келіп, сәтін салып тұрмысқа шықты ма? Белгісіз… Ал, психолог Серіккүл Сари табиғатпен сырласып, күйеу сұрап, бір сөзді мың-миллион рет айтудан адам бақытын таппайды дейді.

«Сандырақ. Адамдардың бастап айтқанын сандырақтайтындар, соның артынан еріп соны айтады. Олар былай деп айтады: мен сенімдімін, екі жүз рет айт, екі жүз рет жасаған болмай қалса, сен онда мың рет жаса, мың рет болмай қалды десең, сен он мың рет жаса дейді. Сіздің ақшаңызды ала беріп, адами қасиеттеріңізден айырып, одан сайын құрдымға кетіре  береді. Афирмацияны айт дегені мүлдем дұрыс емес. Афирмацияны күні бойы жасап жүр дегені дұрыс емес», — деді психолог Серікгүл Сали.

Десе де, ақ келін атанғысы келіп, бақыт жолында сабылып семинарға қатысып, тренигтерден қалмай жүрген қыздарды кінәлау қаншалықты орынды? Әр қыз бақытты болуға лайық емес пе? Қоғам белсіндісінің пікірін сұрадық. Оның ойынша, бұл ата-ананың қызды тәрбиелеуден жіберген қателігі көрінеді. «Себебі қыз үйде қонақ. Сен ертең жат жұртқа  кетесің, өзіңнің отбасың, ошақ қасың болады дегенді балаға кішкентайынан құймағаннан осындай жағдайға жетіп отырмыз» дейді Қарлыған Бекпатшақызы.

«Қыз баланың тұрмысқа шықпауы кәдімгідей құбылысқа айналып кетті. Қазір тіптен қыз өзі күйеу тауып тисе, қуанатын заманға жеттік Содан барып жаңағы әртүрлі адамдарды, психологі бар ма, әртүрлі адамдарды іздеп кетеді.  Сұраныс болып тұрғандықтан олар сол кезде өзінің орынында болып тұр. Оған сұраныс бар. Қыздарға сол қазір қажет болып тұр», — деді Қарлығаш Бекпатшақызы.

Екі айы 250 мың теңге тұратын, қыздарға арналған «Қалыңдық» атты курс ашқан Гүлнұр Темірбекованың да бұл мәселеге қатысты айтары бар. Оның сөзінше, қазіргі кезде мұндай тренингтер сұранысқа ие екен. Бірақ, өздері бойжеткендерге жүз пайыз тұрмысқа шығуға кепілдік бермейді екен. «Олардың ниетін түзеуге септігімізді ғана тигіземіз» дейді ол.

«Қазіргі таңда тренингтер, неше түрлі курстар сұраныста. Нақты айтатын болсақ, тұрмыс құру тақырыбында көп сұранады қыздар. Өзіміздің студиямызда «Қалыңдық» атты курсымыз бар. Ол курстың мақсаты қыз баланы ең маңызды өмірінің кезеңіне дайындау. Және де курстың барысында бізді қалай тұрмыс құруды үйретпейсіз бе деп ренжитіндер бар», — деді Гүлнұр Темірбекова.

Күйеуге шыққым келеді. Мені бақытты қылатын, мен оны бақытты қылатын жігітті маған жолықтыршы. Күйеу берші маған. Мына қыз не істеп жатыр деп таңғалмаңыздар. Бұл психологтр айтқан күйеуге шыға алмай жүрген техникасы. Сол үшін де мен қазір табиғат аясындамын. Бұған қоса аффирмация айтуды ұмытпайық. Мен өз сүйіктімінің сүйікті жарымын. Бұл қаншалықты әсер ететінін білмеймін. Ендеше уақыттың еншісіне қалдырайық.

stan.kz