"Қазпошта" бөліміндегі қыздар арасындағы төбелес видеоға түсті

0

Балқаштықтар «Қазпошта» филиалының ғимаратында екі қыздың төбелескен видеосын қызу талқылауда.

Әлеуметтік желілерде екі қыздың төбелескен сәті түсіп қалған видео таралды. Видеодағы оқиға Балқаш қаласындағы Қазпошта бөлімшелерінің бірінде болған.

Видеоның қатысушылары — «Қазпошта» операторы және стажер қыз. Олардың арасындағы қақтығыс нақты не үшін болғандығы белгісіз.

 

«Бұл оқиға шынымен біздің Балқаштағы филиалдарымыздың бірінде болды. Стажер қыз жанжал туғызды. Ол операторға шабуыл жасады және оны біреу камераға түсіріп алған. Біз жағдайды білдік. Төбелес тоқтатылды, операторға сөгіс берілді. Қазір біз қызметкерлермен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, клиенттерге сапалы қызмет көрсету үшін барлық филиалдарда тренингтер өткіземіз», — деді «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі.

Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жанжалға екі жақ та жергілікті полиция бөліміне жазбаша өтініш жіберген.

«1983 және 1997 жылы туған екі қыздың арыздары полицияда тіркелді. Жағдайлар анықталуда. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім шығарылады», — деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі.

stan.kz