ҚТЖ әйелдер купесінен бас тарту себебін түсіндірді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

«Қазақстан темір жолы» басшысының орынбасары жолсеріктерге қатысты дауға қарамастан, теміржолды ең қауіпсіз көлік түрі деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстанның ұлттық теміржол тасымалдаушысы пойыздарда әйелдер купесін енгізу мәселесін әзірге қарастырып жатқан жоқ. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) компаниясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов мәлімдеді.

Таяуда пойыз жолсеріктері жолаушыны зорлап тастағаннан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желілерде вагондарды адамның жынысына қарай бөлу қажеттілігін қызу талқылады.

Әлмағамбетовтың айтуынша, пойыздардағы жеке әйелдер купесі қымбатқа түседі, компанияның оған шамасы келмейді.

«Әйелдер вагондарын енгізу дәл қазір мүмкін емес. Онсыз да вагон жетіспейді. Бұл өте қымбат. Бір вагонның бағасы миллион долларға жуықтайды. Біздің ең қымбат вагондарымыз –»Тұлпар-Тальго», – деді ол автомобиль жолдары және көлікті бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне арналған отырыста.

Сонымен бірге, «Жолаушыларды тасымалдау» АҚ сервис және клиенттермен жұмыс департаментінің бастығы Әлібек Сұлтанов егер индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тасымалдаушыны әйелдер купесін енгізуге міндеттесе, компания мұндай талапты тиімсіз екеніне қарамастан орындауға міндетті болатынын атап өтті. Дегенмен қазір мұндай бастаманы компания мен салалық ведомство қарастырып жатқан жоқ.

«Менің ойымша, бұл шара тиімді болмайды. Мысалы, екі қыз жолға шықты делік, басқа ешкім шықпады, купе жартылай бос қалады. Бос орындар болуы мүмкін», – деп мәлімдеді Әлібек Сұлтанов әйелдер купесін құру мүмкіндігі туралы.

Қазақстанда пойызбен жүру әйелдер үшін қауіпсіз бе?

ҚТЖ төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов ұлттық компания басшылығы жолаушылардың қауіпсіздігіне 100% кепілдік бере алмайтынын атап өтті. Республика пойыздарында бес мыңнан астам жолсерік жұмыс істейді, олар жұмысын қаншалықты адал атқаратынын болжауға ғана болады.

«Айтайын дегенім, біз осы уақытқа дейін жолаушыларды тасымалдап келдік, тасымалдай береміз, біздің жолсеріктердің жұмысы туралы көптеген жақсы пікір бар, қандай да бір себептермен біз бұл туралы айтпаймыз, оны жарнамаламаймыз және мұны олардың жұмысы деп есептейміз. Бір жағдайға бола, теміржолмен қыдырмаңыз, жүрмеңіз деу, менің ойымша, ағаттық. Бүгінде жұмыс қатаңдатылды. Қазір пойызбен жүру бұрынғыға қарағанда қауіпсіз», – деп теміржол көлігі топ менеджері пойыздардағы қауіпсіздік деңгейі туралы пікірін білдірді.

Бұған дейін ҚТЖ пойыздың екі жолсерігі зорлаған әйелден кешірім сұрады.  



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз