ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ерекше байқау жариялады

0

Астана, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сүйікті дәрігерімен жасалған ең үздік селфи «Менің сүйікті дәрігерім» байқауын жариялады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Еліміздің әрбір тұрғыны байқаудың қатысушысы бола алады. Ол үшін сүйікті дәрігерімен селфи жасап, Сізге медициналық көмек керек болып қалған жағдай жайлы өмірлік тарихыңыздан үзінді эссе қазақ немесе орыс тілдерінде жазу керек» — делінген хабарламада.

Бұдан соң суретін және эссені zdrav_konkurs_2018@mail.ru электрондық поштаға жіберу қажет.

Сонымен қатар Facebook әлеуметтік желісіндегі өз аккаунтына #Menińdárigerim #Мойдоктор хештэгімен орналастыру керек.

Жұмыстар 2018 жылдың 10 желтоқсанға дейін қабылданады.

Байқау қорытындысы бойынша анықталған 3 жеңімпаз бағалы сыйлықтарға ие болады.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ