Қостанайды жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күні өтті

0
19 Қараша 2018, 14:12 130 0

Фото: alau.kz

Астана, BAQ.KZ. Жол-көлік оқиғасы құрбардарын еске алған Қостанай тұрғындары мен полиция қызметкерлері автошеру ұйымдастырып, аспанға шар ұшырды. Бұл туралы alau.kz сайты хабарлайды.

Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алатын халықаралық күн Қостанайда бірінші жыл атап өтіліп жатқан жоқ. Қостанай қалалық Полиция басқармасының аға инспекторы Елена Магасумованың айтуынша, еске алу күні жыл сайын қараша айының соңғы жексенбісінде өтеді.

«Автошеруге қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Біздің мақсат – жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұматындар мен жарақат алатындарға, сондай-ақ жол апатының салдарына назар аударту. Жол-көлік оқиғасының басты себептерінің бірі – жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы», — дейді ол.

20 көлік облыс орталығының көшелерімен жүріп өтті. Полиция қызметкерлері дауыс зорайтқыш арқылы қала тұрғындарын жол ережелерін сақтап жүруге шақырды.

Шараның аяқталу сәті жақындағанда автошеруге қатысушылар жол-көлік оқиғасынан қаза болғандардың символы ретінде аспанға қара және ақ түсті шарлар ұшырды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ